389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жылына 30 мың тонна ет өңдейтін зауыт салу жоспарлануда

  • 502
Семейде жылына 30 мың тонна ет өңдейтін зауыт салу жоспарлануда

Шығыс Қазақстанда ет экспортын еселеуге арналған мықты жобалар қолға алынуда.

Болашақта Семейде жылына 30 мың тонна ет өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Осындай ірі бастама Аягөз ауданында да қарастырылып жатыр. 2018 жылы аймақта 228 тонна ет экспортталған. Оның 132 тоннасы Өзбекстанға, қалғаны Ресейге жіберіліпті. Ал биыл ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, шетелге 1,500 тонна ет шығару межеленген. Өскемендік және Аягөздік кәсіпкерлер Қытай нарығын да игеруге мүдделі. Өңірде жаңа ірі комбинаттар іске қосылса,бордақылау алаңқайларының саны да екі есеге артады. Егер аталған жоспарлар сәтті жүзеге асса, 2022 жылдан бастап жылына 17,500 тонна ет экспорттау көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы