378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда мұнай өндіру көрсеткіші жоспардан асып түсті

  • 301
Қазақстанда мұнай өндіру көрсеткіші жоспардан асып түсті life.ru

Еліміз бойынша 2018 жылы мұнай өндіру көлемі 90 млн 360 мың тоннаға жетіп 103,9% құрады.

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда, 4,8% пайызға жоғары. Соның ішінде Қашаған кен орнын атап өтуге болады. Олар өндіру жоспарын 120% пайызға асыра орындады. Өндірісті тұрақтандыру нәтижесінде 13 млн 220 мың тонна мұнай өндірілген, ал жоспар бойынша 11 млн тонна болатын. Яғни 2 млн 220 мың тоннаға артық. Ал Теңіз кен орнында 28,6 млн тонна өндірілді. Бұл жоспардан 1 млн тоннаға артық. Қарашығанақта өндіру көлемі 12,2 млн тоннаны құрады. 

Хабар 24 телеарнасы