389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы: Инвестициялар тарту ісін жандандыру қажет

  • 976
  • UPD: 15:18, 30.01.2019

Елімізде индустриаландырудың екінші бес жылдығы аяқталып келеді.

1250 жоба жүзеге асырылды. Олар өнеркәсіп өндірісінің дамуына серпін берді. Алайда кейбір салада ақсап тұрған мәселелер жетерлік. Мысалы, ет, сүт өнімдерін, жеміс-жидек пен көкөністің көп бөлігін сырттан тасимыз. Нарыққа қажетті құс етінің жартысы импортталады. Бұл өнімдер елімізде де бар. Соған қарамастан баға қымбат. Сондықтан тариф пен әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы үнемі бақылауда болу керек. «Елімізге тәуелсіздік алған жылдардан бері шетелден 400 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұл қаржы Қазақстанның экономикасын көтерді. Енді осы бағыттағы жұмысты жандандырып, көптеп инвестиция тарту керек», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Мы выпускаем более 500 новых видов продукции. Экспорт идет сегодня в 110 стран. Объем экспорта продукции высокого передела остается практически неизменным 3 млрд. долларов в год из общего экспорта 90 млрд. долларов.

Хабар 24 телеарнасы