388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Импорттық тауарлардың үлесін азайту қажет - сарапшы

  • 727
  • UPD: 21:23, 30.01.2019
Импорттық тауарлардың үлесін азайту қажет - сарапшы

Үкіметтің кеңейтілген отырысында импорттық тауарлардың үлесін азайту мәселесі айтылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қал-қадірімізше өзімізді өз азық-түлігімізбен қамту керек делінді. Сарапшылар бұған мүмкіндігіміз жетеді деп отыр. Әрине, әңгіме сауда сөрелерін тек отандық өніммен толтырып тастауда емес. Саланың білгірлері «ішкі нарықтың 80% қамтысақ, импортқа тәуелділіктен арыламыз. Ашық нарықта өмір сүрген соң бәсекенің болуы заңды», - дейді.

Мұхтар Құлжан, «Экономикалы зерттеулер институты» АҚ орталығының жетекші сарапшысы:

Біз тауарымызды экспортқа жібереміз. Тауар халыққа жетпейді. Сол себептен Ресейден сүт аламыз. Еуразиялық экономикалық одақ болғандықтан бір-бірімізге кедергі келтіре алмаймыз. Ресейден тауар аламыз. Бәсекелестікті арттыру қажет. Оған Үкімет қолдау жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы