378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шағын және орта бизнес үлесін 35 пайызға жеткізу керек

  • 449
  • UPD: 15:17, 31.01.2019
Шағын және орта бизнес үлесін 35 пайызға жеткізу керек

Ұлт жоспарында жеке бизнес пен бәсекелестікті дамытуға басымдық берілді, деп жазады «Хабар 24».

Сонымен қатар заң үстемдігіне негізделген экономиканың жаңа моделін қалыптастыру міндеті қойылды. Ішкі жалпы өнім еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен өсуі тиіс. «Соңғы жылдары ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 25,17 пайыз деңгейінде қалып отыр. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал 2050 жылы кем дегенде 50 пайызға жеткізу керек», – деді Қазақстан Президенті. Жалпы, бизнестің жол картасы аясында 385 миллиард теңге бөлініп, 20 мыңнан астам жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. 180 мыңға жуық кәсіпкер тиісті білім алды.

Хабар 24 телеарнасы