378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін экономиканың дамуы 5 пайызға жетуі тиіс

  • 308
  • UPD: 15:17, 31.01.2019

Шағын және орта бизнестің үлесін 28 пайызға дейін жеткізу, деп жазады «Хабар 24».

Күні кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке берген тапсырмаларының қатарында осы межелі міндет тұр. Мәселен, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер көлемін 24,7 млрд долларға дейін, еңбек өнімділігін 2016 жылдың деңгейіне 12,3%-ға дейін арттыруды қамтамасыз ету керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мен 2019 жылы 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіттім. Алдымен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 30 елдің қатарына кіру үшін экономиканың дамуы 5 пайызға жетуі тиіс. Ол үшін қарқынды жұмыс істеуіміз қажет. Екіншіден, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 28,2% жеткізу міндеті тұр. Биыл оны орындауға мүмкіндігіміз мол. Егер біз «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асырғымыз келсе, алдымен осы міндеттерді орындауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы