378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономиканың басым бағыттарын қолдау үшін несие беру механизмі іске қосылды

  • 313
Экономиканың басым бағыттарын қолдау үшін несие беру механизмі іске қосылды

Экономиканың басым бағыттарын қолдау үшін 600 млрд теңге несие беру механизмі іске қосылды.

Жобаларды қаржыландыру механизмдері бекітіліп, алғашқы несие беруді бастап кетті. Алайда Ұлттық банк ақшалай несие беру саясатының тиімділігін арттыру жұмысын күшейтеді. Бұл орайда бұған дейін орын алған олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс заңнамалық тұрғыда бекітілмек.

Камила Ковязина, ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

– Банкроттық туралы заң жобасы Парламент қабырғасында көптен бері қаралып келеді. Бірақ күні кеше Президент сол құжаттың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Өйткені елімізде шағын және орта бизнестің дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Оның ішінде несиелендіру жайы долға қойылып келеді. Соған қарамастан, қолға алынған кей істер нарықтың талабына сай келмейді. Көп жағдайда құлдырып, соңы банкрот болып жатқаны мәлім. Сондықтан бұл құжат алдағы уақытта банк пен несие алушы кәсіпкердің арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыруға сеп болады дер едім.

Хабар 24 телеарнасы