389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлық сарапшы Қазақстанда Жастар жылының жариялануына қатысты пікір білдірді

  • 649
Қытайлық сарапшы Қазақстанда Жастар жылының жариялануына қатысты пікір білдірді

Қазақстанның жастардың болашағына алаңдауы өте орынды.

Жас буынға салынған инвестиция ертең елге еселеп қайтады. Қытай Халықаралық электронды сауда орталығының президенті Чжан Хунпин осылай дейді. Бүгінде кәсіпкерлікті интернет арқылы дамыту – заман талабы. Осы салаға жастардың тың идеяларын тарту керек. Ал Қазақстан президентінің 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы бұл саладағы әріптестікті арттыра түсетінін айтады. Әсіресе, Елбасының жастар кәсіпкерлігін қолдауға қыруар қаржы бөлуді тапсырғаны көңілінен шыққанын айтады.

Чжан Хунпин, Қытай халықаралық электронды сауда орталығының президенті:

– Қытай да жеке бизнес ашып жұмыс істеймін деп жұлқынып тұрған жастарды қолдайды. Олардың инновациялық идеяларын мемлекетті дамыту үшін пайдаланады. Менің ойымша, Қазақстан мен Қытайдың тұжырымдамасы бір жерде түйіседі. Екі елдің тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренері көп. Мәселен, жастарды электронды сауда кәсібіне тартып, біз бірге дами аламыз.

Хабар 24 телеарнасы