377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы цифрлық форумда инновациялық экожүйенің дамуы талқылануда

  • 288
  • UPD: 14:10, 01.02.2019

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары Алматыда өтіп жатқан «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» форумында бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрге айналған жиынның бұл жолғы тақырыбы инновациялық экожүйенің дамуына бағытталған. 800-ден аса делегат шақырылған халықаралық форумда мамандар шағын және орта кәсіпкерлікті цифрландыру мәселесі талқыланып, үздік тәжірибелер туралы ой-пікірлерін ортаға салуда. «Бұл саланы дамыту үшін шығындарды қысқартып, өнімділік пен бәскеге қабілеттілікті арттыру арқылы сауда-логистикалық платформаларды құру керек», - дейді форум қонақтары.

Ерлан Дүрмағамбетов, «Зерде» АҚ басқарма төрағасы:

- Ең басты тақырып - инновациялық экожүйені құру, қалыптастыу, Тек қана Қазақстанда ғана Еуроодақ елдерінде қалай қалыптасруға болады? Әр Еуроодақ елінде өз технопаркі бар. Мысалы, Астана IT хабы бар. Сол осы форумның ең басты идеясы - осы технопарктердің арасында ынтымақтастық орнату.

Хабар 24 телеарнасы