378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Технопарктер бірлесіп жұмыс істейді

  • 275
  • UPD: 23:29, 01.02.2019

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердердегі технопарктердің бірлесіп жұмыс істеуі не береді?

Бұл сұраққа Алматыда өтіп жатқан цифрландыру форумында Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев жауап берді, деп жазады «Хабар 24». Үкімет басшысының айтуынша, «жаңа платформалар тәсілдерді өзгертеді, делдалдар шетке ығысады және жаңа экожүйе қалыптасады». Яғни технопарктердің бірігуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қырғыз тарапы да бұл ынтымақтастықты көп күткендерін айтып отыр. 

Алтынбек Исмаилов, Қырғыз Республикасы жоғары технологиялар паркінің директоры:

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің технопарктерін біріктіру жөніндегі қазақ елінің бастамасын қолдаймыз. Біздің елде инновациялық экономика енді ғана бір жолға қойылып келеді. Бүгінгі таңда Қырғызстанның жоғары технологиялар паркінде 40-тан аса компания бар. Осы тұрғыда біз Қазақстан, Беларусь, Ресей, Арменияның ІТ-саласындағы озық тәжірибелерін үйренуге мүдделіміз. Форумға қатысу арқылы технологиялық индустрияны дамыту үшін өзіміздің базалық кемшіліктерімізді аңғардық. Әсіресе Қырғызстанда стартаперлер аз. Енді осы бағытқа екпін береміз.

Хабар 24 телеарнасы