389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан Қазақстанның газ транзиті қызметін пайдалана бастады

  • 748
  • UPD: 23:26, 01.02.2019

Ала тақиялы ағайынның табиғи көгілдір отыны Газли-Шымкент магистральді газ құбыры арқылы Ташкентке жөнелтіледі, деп жазады «Хабар 24».

Мұндай уағдаластыққа қос тарап өткен жылдың соңында қол жеткізген. Еліміздің газ-көлік жүйесінің әлеуеті туралы Қоғамдық кеңеске баяндаған Энергетика министрі бүгін осылай деп мәлімдеді. Қанат Бозымбаев 2018 жалпы энергетика саласы үшін берекелі жыл болғанын айтады. Былтыр 90 млн 360 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қара алтын өндіру бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Қашаған кен орнында өндіру жоспары 120 пайызға орындалды. Өндірісті тұрақтандырудың нәтижесінде 13 млн 220 мың тонна мұнай өндірілген. Ал жоспар бойынша 11 млн болатын. 2 млн 220 мың тонна артық шықты. Теңіз кен орнында өндіріс көлемі 28,6 млн тоннаны құрады. Бұл жоспардан 1 млн тоннаға артық. Ал Қарашығанақта өндіру көлемі 12,1 млн тоннаны құрады.

Хабар 24 телеарнасы