389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға 40 мемлекет инвестиция құюға ниетті

  • 576
  • UPD: 23:36, 04.02.2019

Әлемде экономикалық кризис орнаған елдердің саны, өкінішке қарай, артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Еліміздің стратегиялық серіктестері жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмысын барынша жемісті қылу мақсатында тер төгуде.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы көктемде Ереванда өтеді. Ал Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы мамыр айында елордада ұйымдастырылмақ.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Kazakh Invest ұлттық компаниясы желісіндегі өңірлердегі фронт-офистерінің тізбегіндегі тікелей өзара іс-қимыл жасау үшін жобалық кеңсе шеңберінде мониторинг жүйесі құрылуда. Бұл инвестицияларды тарту процесіндегі барлық қатысушылар арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы

Хабар 24 телеарнасы