378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Автонесиелеу бағдарламасы: Ол қаншалықты қолжетімді?

  • 289
  • UPD: 10:05, 05.02.2019

Қазақстанда жеңілдетілген авто-несиелеу бағдарламасына қатысуға ниеттілер көп.

Биыл қолжетімді автонесие бағдарламасы бойынша 10 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 8 млрд теңгесі жеңіл көліктерге, қалғаны коммерциялық лизингке бағытталады. Жоба наурыз айына межеленген.

Байсерке Ыдырысов – қолжетімді автонесиелеу бағдарламасының алғашқы қолданушысы. Ол 2015 жылы қолайлы шартпен көлікті сатып алады. Сол кезде темір тұлпары 2,5 млн теңгеге бағаланды. Биылғы жоспары – қарызынан түгел құтылу.

Байсерке Ыдырысов, қала тұрғыны:

– Қазақстандықтардың бәріне 4 пайыздық жеңілдікпен берілсе, бәріне қолайлы болушы еді. Қазір кезек көп. Өкінбеймін. Жақсы көлік.

Жыл сайын тиімді ұсынысты құр жібермеуді қалайтындар қатары артып келеді. Өткен жылы ғана 32000-нан аса тұтынушы «Қазақстанда жасалған» маркалы автокөліктерді тізгіндеді. Әрбір оныншы қазақстандық жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының игілігін көрген. «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, олардың саны анағұрлым көп болуы мүмкін еді.

Олег Алферов, «Қазавтоөндіріс» ЗТБ басқарма төрағасы:

– Қолданыстағы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы барлығы үшін тиімді. Ол бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 процент тең, тиімді жылдық мөлшерлеме – 7,5 пайыз деңгейінде. Қаржы кепілді кіріс ретінде ұлттық қорға түседі.

Айта кетерлігі, тұтынушыға көліктің 61 түрі ұсынылады. Барлығы да – отандық өнімдер. Несиелеу мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс. Сәйкесінше, темір тұлпардың бағасы 15 млн теңгені құрағаны абзал.

Олег Алферов, «Қазавтоөндіріс» ЗТБ басқарма төрағасы:

– Бүгінде автонесиелеулерге деген сұраныс артып келеді. Ал бағдарлама мүмкіндігі шектеулі. Өткен жылы отандық көлікті алғандардың 11 проценті ғана несиелеуге қатысты. Бұл үшін ұлттық қордан 26 млрд теңге бөлінген. Енді біз қосымша қаржыны көбейтіп, қазақстандық автоөндірушілердің лимитін шектемеуді ұсынамыз.

Әрі қызмет көрсету ақысы 10 проценттен аспау керек. Жалпы елдегі жеңіл көліктердің 35 пайызы – отандық өнім. Қазақстан даму банкінің хабарлауынша, бүгінде 11500 өтініш берушіге екінші деңгейлі банктерден 47 млн теңгеден аса несие беріледі. Бастысы, импорт азаяды.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аят Дүйсебаев

Хабар 24 телеарнасы