375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында 42,6 млрд теңгеге 975 шақырым жол жөнделеді

  • 360
Түркістан облысында 42,6 млрд теңгеге 975 шақырым жол жөнделеді

Түркістан облысында өткен жылы жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі 453 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал өңдеу өнеркәсібі саласында 237 млрд теңгенің өнімі өндірілді. 2018 жылы жалпы облысқа тартылған инвестиция көлемі 288 млрд теңгеден асқан. Аймақтың экономикалық дамуының негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы саласы. Былтыр облыста 544 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, ет экспорттау, өсімдік шаруашылығы салалары бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Көкөніс, бақша дақылдарынан 2,9 млн тонна өнім жиналып, оның 500 мың тоннасы Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді. Ал биыл Түркістан облысында 42,6 млрд теңгеге 975 шақырым жол жөнделеді. Оның ішінде 8 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Арман Сәбитов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

– Облыста қанағаттанарлық жолдардың үлесі 70 пайызды құрап отыр. 4 мың шақырым астам жол бар. Жол бойынша негізгі басымдық облыс орталығы Түркістан жолдары. Оған биылғы жылы 1 млрд теңгедей қаржы қарастырдық. Одан бөлек, Түркістан-Кентау ара қашықтығын кеңейту жобасын да министрлікпен келісіп, кіргізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы