378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Босфор бұғазында қазақстандық мұнай танкерлері кезек күтіп тұр

  • 253
  • UPD: 22:08, 07.02.2019
Босфор бұғазында қазақстандық мұнай танкерлері кезек күтіп тұр

41 миллион баррельден астам мұнай тиелген Қазақстан мен Ресей танкерлері Босфор бұғазында бірнеше аптадан бері кезекте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған 2018 жылдың қыркүйек айында енгізілген бұғаздан өтудің жаңа ережесі себеп. Бұл туралы арнамыздың тілшісін Ыстамбұлдағы трибэкка теңіз қызметтері акционерлік қоғамы хабардар еткен. Жаңа ережеге сәйкес, ұзына бойы 200 метрден асатын кемелер тек күндізгі уақытта ғана бұғаздан өте алады. Бұл жағдай қарбаласы көп Жерорта теңізінде кеме кептелісін тудырды. Ақпарат бойынша, бұғаздан өту үшін Қазақстан мен Ресейдің 55 танкері кезекте тұр.

Хабар 24 телеарнасы