378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетел нарығына Қазақстан брендін жеткізкен кәсіпорындарға қаржылай көмек ұсынылады

  • 273
  • UPD: 07:35, 08.02.2019
Шетел нарығына Қазақстан брендін жеткізкен кәсіпорындарға қаржылай көмек ұсынылады

Тауар экспорттаушыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау болады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Яғни өзге елдердің нарығына Қазақстан брендін жеткізкен кәсіпорындарға қаржылай және өзге де көмек ұсынылады. Мәселен, Ақтөбе облысы алдағы үш жылда бұл мақсатта 500 миллиард теңге жұмсауды көздеген. Өткен жылдың өзінде жергілікті өндіріс орындары құны 500 миллион доллар болатын тауарды экспорттаған. Оның 98 проценті шекаралас орналасқан Ресей Федерациясына тиесілі. Дегенмен Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы елдерден де сұраныстың жыл санап артқандығын байқауға болады. Ақтөбедегі ұн және ұн өнімдерін шығарушы кәсіпорын алдағы уақытта өндірісті ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір тәулігіне 550 тонна астық өңдейтін мекеме дайын өнімнің 1000-1500 тоннасын ай сайын шетелге жөнелтеді. Бер жағы Ресей мен Өзбекстан, Түрікменстан елдерін айтпағанда, Қытайдың тұтынушылары да қызығушылық білдіріп отыр.

Бекнұр Беисов, кәсіпкер:

– Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауар жеткізуде ешқандай қиындықтар кездескен жоқ. Мәселен, Ресей Федерациясына барлық тауарымыз дер кезінде жеткізіліп тұрады. Құжат рәсімдеуде де, тиісті қаражатты аударуда да кедергі жоқ.

Анар Даржанова, облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі:

– Бүгінгі күні шикізат қана емес, сонымен қатар дайын материалдар, рельстер, және де азық түлік өнімдері шығарылады. Соның ішінде жаз айында жылыжай өнімдеріне сұраныс артуда.

Хабар 24 телеарнасы