378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің мемлекеттік қызметкерлері экономика саласында неміс тәжірибесіне сүйенбек

  • 238
Еліміздің мемлекеттік қызметкерлері экономика саласында неміс тәжірибесіне сүйенбек

Еліміздің мемлекеттік қызметкерлері индустрияландыру мен жасыл технологияларды дамыту барысында неміс тәжірибесіне сүйене алады.

Қаржы, білім мен ғылым және ұлттық экономика министрліктерінің 24 маманы, сондай-ақ Есеп комитеті мен әкімдіктердің өкілдері Германияда экономиканың осы салалары бойынша тәжірибеден өтті. Стартап-жобаларды қолдау мен шағын және орта бизнестің жұмысымен танысты.Тағылымдама барысында мемлекеттік қызметкерлер неміс Парламенті, Еуропалық инвестициялық банк пен сауда және инвестициялар агенттігінде болды.

Айбек Ибатуллин, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистранты:

– Біз Еуропалық инвестициялық банкте болдық, тәжірибеде шағын және орта бизнеске көңіл бөлінді. Германияда жалпы шағын және орта бизнес 70 пайыз экономиканы құрап отыр. Осы себепті біздің елге бұл өзекті болып отыр. Себебі қазіргі уақытта шағын және орта бизнес бұл экономиканың драйверіне айналуда, соның ішінде тәжірибе кредиттерді беру, ал берместен бұрын жалпы нәтижелігіне көңіл аудару, яғни қорытындысында қандай әсер етеді, қанша жұмыс орындар ашылатын болады, осының барлығына анализ жасап, макроэкономикалық зерттеу арқылы қолдануға болады деп есептеймiн.

Хабар 24 телеарнасы