388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы қап шығаратын зауыт өнімдерін экспортқа шығара бастады

  • 703
  • UPD: 10:20, 08.02.2019
Алматы облысындағы қап шығаратын зауыт өнімдерін экспортқа шығара бастады

Алматы облысының Балқаш ауданындағы қап шығаратын зауыт өнімдерін экспортқа шығара бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірлік ауылында орналасқан кәсіпорын жылына 1 миллион қап дайындайды. Айналадағы шаруашылықтардың барлығы күріш пен майбұршақ егетіндіктен, қапқа деген сұраныс жоғары. Алғашқыда өнімдердің біраз бөлігі Алматыға саудаланса, кейін қант зауыттары ала бастады. ал бүгінде Қырғызстанға экспортталып жатыр. Кәсіпорында 50 адам еңбек етеді. Барлығы да – жергілікті тұрғындар.

Мэлс Өгізбаев, кәсіпорын басшысы:

– Бір жылда 1 миллионнан астам қап тігеміз. Шикізатты «Павлодарнефтехим» зауытынан аламыз.

Хабар 24 телеарнасы