389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің ЕАЭО мемлекеттерімен тауар айналымы артып келеді

  • 706
  • UPD: 12:00, 08.02.2019

Былтырғы 11 айда еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен тауар айналымы 6.2 пайызға ұлғайды. Импорт 11,1 пайызға өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның одаққа мүше елдермен инвестициялық байланысы артқан.

2019 жылы Үкімет ЕАЭО шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған қолданыстағы келісімдерді жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар келесіге ерекше назар аударуды жоспарлап отырмыз:

– Кедендік және техникалық реттеу, СФС, ақпараттық өзара іс-қимыл, көлік және бәсекелестік саласында бүгінгі күні әзірленген түзетулер арқылы (62 түзету) ЕАЭО туралы шарттың ережелерін жетілдіруге;

– 2018-2019 жылдарға арналған ЕАЭО ішкі нарығында алып тастаулар мен шектеулерді жою бойынша қабылданған іс-шаралар жоспарына («жол картасы») сәйкес ЕАЭО-ның өзара саудадағы кедергілерін алып тастауға;

Хабар 24 телеарнасы