375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында шамамен 54 мың шағын және орта бизнес нысаны тіркелген

  • 305
Ақтөбе облысында шамамен 54 мың шағын және орта бизнес нысаны тіркелген

Елімізде бизнес санағы өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеке мекеме иелерінің санын анықтауды кәсіпкерлер бірлестігі қолға алған. Олардың пайымынша, тиісті тізімді жасау қордаланған мәселелерді жұмыла шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кез келген кәсіпкер білікті мамандарға көкейіндегі сұрақтарын қойып, қажетті көмекті ақысыз алады. Ақтөбе облысында орташа есеппен шамамен 54 мың шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. Ақпан айының алғашқы күндері басталған санақты кәсіпкерлер палатасының 30-ға жуық өкілі жүргізуде. Тиісті сауалнама толтыру арқылы нарықтың ұрымтал және осал тұстарын анықтамақшы. Ал шағын және орта бизнес өкілдерін бір платформаға жию арқылы өзара байланысты да нығайта түспек.

Зуһра Ілдаш, кәсіпкер:

– Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, грант ұтып алу ойым бар. Кәсіпкерлердің бірлестігінің көмегімен грантқа қалай жету керек екенін, қалай алу керек екенін үйреніп аламын.

Диана Жұмабаева, кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

– Біздің ұйымдастырған арнайы парақшада 60-тан астам қызметті онлайн түрде, ақысыз пайдалануға болады. Яғни бухгалтерлік есеп жүргізу, құқықтық көмек, маркетингтік зерттеулер мен бизнес жоспарын құруда көмек береміз. Бұл кәсіпкерлердің шаруасын тиімді жүргізуге мүмкіндік.

Хабар 24 телеарнасы