389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресейдің мұнай танкерлері Босфор бұғазында бірнеше аптадан бері кезекте тұр

  • 653
Қазақстан мен Ресейдің мұнай танкерлері Босфор бұғазында бірнеше аптадан бері кезекте тұр

Босфор бұғазындағы жаңа ереженің қабылдануына қауіпсіздік және экологиялық факторлар әсер етті.

Түркия энергетика стратегиясы және саясатын зерттеу институты басшысы Оғузхан Акэнер, бұғазда бірнеше аптадан бері кезекте тұрған Қазақстан мен Ресейдің мұнай танкерлеріне қатысты пікірін осылай білдірді. Оның айтуынша, соңғы уақытта бұғазда кемелердің қақтығысы жиілеп кеткен. Естеріңізге сала кетейік, 41 миллион баррельден астам мұнай тиелген Қазақстан мен Ресей танкерлері Босфор бұғазында бірнеше аптадан бері кезекте тұр. Бұған 2018 жылдың қыркүйек айында енгізілген бұғаздан өтудің жаңа ережесі себеп.

Оғузхан Акэнер, Түркия энергетика стратегиясы және саясатын зерттеу институты басшысы:

– Жаңа ереженің қабылдануына қауіпсіздік және экологиялық факторлар әсер етті. Сондай-ақ бұғаз тасымалын халықаралық стандарттарға сайкестендіру мақсатында енгізілді. Қазіргі таңда кеден министрлігіміз бұғаздағы кептелісті азайту мақсатында арнайы жоба бастатпақ. Алдағы уақытта Ыстамбұл каналының іске қосылуымен Жерорта теңіздегі тасымал мәселесі де толық шешілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы