389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО мен Украина сауда палатасы меморандумға қол қойды

  • 882
  • UPD: 22:12, 08.02.2019

Украина сауда-өнеркәсіп палатасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы іскерлік ынтымақтастықты арттыру туралы Меморандумға қол қойды. 

Киевте өткен кездесуде тараптар екі елдің қаржы саласындағы қатынасын арттыру жолдарын пысықтады. Алдағы уақытта Қазақстан мен Украина инвестициялық бағыттағы байланысын бекемдемек. Киевтен Аида Қыдырбай сөз алады.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми түрде іске қосылғанына бір жыл. Халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технология¬ларын қолданатын өңірлік хабқа  бүгінгі күнге дейін жүзден астам шет ел компаниясы тіркелді. Алайда, ақпараттық технология саласында алдына жан салмайтын Украина компаниялары Қазақстандағы қаржы орталығының жұмысына белсенді қатыса алмай жатқан көрінеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Украина сауда өнеркәсіп палатасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы іскерлік ынтымақтастықты арттыру туралы меморандумға қол қойды.

Ернұр Рысмағамбетов, «Астана» ХҚО Әкімшілігі» Төрағасының орынбасары:

- Қазіргі уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығында 120-ға жуық компаниялар бар. 2020 жылға дейін біз 500 компанияға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда бізде Украина компаниялары жоқ.  Скл 00:44 Украинаның жаңағы сауда және индустрия палатасымен келісім шартқа қол қойдық. Келісім шарттың ең негізгі маңызы жаңағы палатада 9 мыңға жуық бизнестер бар. Сол Қаржы технологияны дамыту саласында сол бағыттарда қарым қатынасты нығайтуға бет бұрып тұрмыз.

Іскерлік ынтымақтастықты арттыру туралы келісім аясында «Астана» ХҚО «Роуд-шоуы» жақын күндері Украинаның бірқатар ірі қаласында ұйымдастырылмақ. Мұндай іс-шара екі елдің бизнес байланысын бекемдей түседі, - дейді Украина сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті.

Геннадий Чижиков, Украина сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті:

- «Роуд-шоу барысында Украинаның қаржы, банк, сақтандыру және кәсіпорын өкілдері «Астана» ХҚО мүмкіндіктерімен кеңінен таныса алады. Ресми тұсаукесерді Киев қана емес Украинаның бірқатар ірі қаласында өткізу  жоспарда бар. Одан бөлек, айти, қаржы технология саласындағы жас мамандар арасында тәжірибе алмасу маңызды.

Өз кезегінде «Астана» ХҚО Әкімшілігі» Төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов Украинаның іскер топ өкілдерін биыл шілдеде ұйымдастырылатын  «Astana Finance Days» шарасына қатысуға шақырды. Украина сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті бұл ұсынысты қабыл алып, «инвестициялық форумда украиналық жобаларды таныстырамыз», -  деген жоспарын жеткізді. 

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Кочанов

Хабар 24 телеарнасы