388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бюджет қаржысын толық игермеген министрліктер белгілі болды

  • 537
  • UPD: 18:49, 11.02.2019
Бюджет қаржысын толық игермеген министрліктер белгілі болды

Бюджет қаржысын толық игермеген ведомстволардың көшін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастап тұр. Жұмсалмаған қаражат мөлшеріі 310 миллион теңгенің шамасында. Білім және ғылым министрлігі 255 миллион теңгені тиімді игере алмаса, Қорғаныс министрлігінің қазынасында 214 миллион теңге қалған. Мемлекеттік мекемелер арасындағы үштік осындай.

Ал өңірлер арасында игерілмеген ең көп қаржы Маңғыстау облысында тіркелген. Жергілікті әкімдік  7,2 миллиард теңгені жоспар бойынша жарата алмапты. Қарағандыда 2 миллиард, ал Шығыс Қазақстан облысында 1,7 миллиард теңге жұмсалмай қалған.

Хабар 24 телеарнасы