377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысындағы құс фабрикасы 20 млн астам жұмыртқа өндірді

  • 271
  • UPD: 20:39, 11.02.2019

Мемлекеттік бағдарламалар Атырау облысындағы артта қалған салалардың дамуына айтарлықтай ықпал етуде. Әсіресе ауыл шаруашылығында оң өзгерістер бар. Сондай серпінді жобалардың бірі Жылыой ауданындағы құс фабрикасы. Мамандар өткен жылы 20 млн данадан астам жұмыртқа өндірді. Биыл бұл межені тағы арттырмақ. 

Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы құс фабрикасы - аймақтық индустриалдық картаға енгізілген жобалардың бірі. Кәсіпкер өз қаржысын салып, жетпегенін мемлекеттен алды. Бастапқы өндірістік қуаты жылына 60 мың тауық өсіру болса, қазір мұнда құс саны 150 мыңға жеткізілді. Алдағы аптада тағы 50 мың дана балапан сатып алмақ ниетте. Еліміздің батыс аймағында инкубатор жоқ болғандықтан, жұмыртқадан шыққанына 1 тәулік болған шөжелер көрші елден сатып әкелінеді. 

Сәуле Думанқызы, құс фабрикасының бас технологы:

- Балапанды Свердловск асыл тұқымды зауыттан аламыз. Бір күндік балапанды әкеліп 120 күнге дейін өсіреміз. 120 күннен кейін өндірісітк корпусқа ауыстырамыз. Содан кейін олар 1,5 жыл, яғни 18 ай жұмыртқа береді. 18 ай жасы біткеннен кейін убойный цехқа жібереміз де қайтадан балапан аламыз.    

Қазір соңғы үлгідегі инновациялық технологиялар жетістігінің нәтижесінде бір қораға 50 мың мекиенге дейін сиып кетеді. Бұл мамандардың жұмысын жеңілдетіп, өнім сапасын да арттырды. Құстардың жеміне ондаған түрлі дәрумен қосылып, үнемі екпелер салынып отырады. Осының арқасында 85 пайызға дейін өнім алып отыр.

Төлеген Берікқали, құс фабрикасының ветеринары:

- Енді мына тауықты бағу оңай емес, мұны бағып-қағып, суын, жемін қадағалап ветеринарлық-санитарлық талапқа сай жұмысты жақсы атқарудың арқасында жұмыртқа өнімін уақытылы алып тұрамыз. Тауықтардың вакцинасы бар, суы-жемі бар дозотрон арқылы жіберіледі. Сосын тауықтарды жылма-жыл өзінің әр уақыты сайын вакцина жіберіп тұрамыз.

Жергілікті құс фабрикасы Жылыой ауданындағы барлық сауда орындарын өз өнімімен қамтыды. Облыс орталығындағы коммуналдық базарға да өз тауарларын жөнелтіп отыр. Шешімін таппай тұрған мәселеде жоқ емес, мысалы былтырға дейін бидайдың 1 келісін 57 теңгеге алып келсе, биыл бұл баға 70-75 теңгеге дейін көтерілді. Арнайы азықтық жем қосындылары да қымбат. Осыған байланысты кәсіпкерлер мемлекет тарапынан субсидия бөлінсе деген тілектерін де жеткізді. 

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Матенов

Хабар 24 телеарнасы