378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Т. Сүлейменов: 2019 жылдың алғашқы айында жалпы ішкі өнім 2,9 процентке өсті

  • 239
  • UPD: 17:27, 12.02.2019

Қаңтар айында жалпы ішкі өнім 2,9 процентке өсті.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, есептік кезеңдегі бұл көрсеткіштің артуы тұтыну нарығында және өнеркәсіп секторларындағы сұраныстың сақталуына байланысты. Сондай-ақ Тимур Сүлейменов ауыл шаруашылығында айтарлықтай өсімнің байқалатынын атап өтті. Аталған саладағы өндіріс көлемі 3,5 процентке ұлғайған. Ал құрылыс секторында керісінше, төмендеу тіркелген. Былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда, құрылыс жұмыстары 1,8 процентке азайған.

Хабар 24 телеарнасы