378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иран Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай сатып алады

  • 318
  • UPD: 20:33, 12.02.2019

Иран қайтадан Қазақ елінен бидай сатып алатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде Қазақстан мен Ресей үшжақты келісімге қол қоймақ. Ұзақ уақыт Тегеран бидай импортына шектеу қойып келген болатын. Ал жаңа келісім Ислам республикасына бидайды көршілес елдерге сатуға жол ашады. 

Соңғы үш жылда Иран шетелден бидай сатып алмады. Өз фермерлеріне қолдау көрсетіп, елде мол астық өнген. Алайда былтыр қуаңшылықтың салдарынан егіс қурап қалды. Тапшылық байқалмағанмен, өнім жоспардан аз жиналған. Сондай-ақ Тегеран ауыл шаруашылығының қолданбай жүрген әлеуетіне назар аударды. Экономисттердің есебінше, Иранның ішкі нарығына шамамен 12 миллион тонна бидай қажет, ал елдің 24 миллион тонна өңдеуге қауқары бар. Ресей мен қазақстандық астықтың артылғанын өңдеп, көрші елдерге экспорттауын жоспарлаған.

Мортеза Мири, Тегеран кәсіпкерлер қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі:

– Тегеран сапасына байланысты қазақстандық бидайға назар аударған. Сапасы өте жоғары, әсіресе одан арғы өңдеу үшін. Астықтың бір бөлігін өз қажеттерімізге жұмсап, қалғанын өңдеп, Ауғанстан, Сирия мен Иракқа жеткізуді көздеп отырмыз. Біз сұраныс жоғары болатынына сенімдіміз. Өйткені көрші елдеріміз бидай мен ұн тұтынудан әлемде алдағы орында тұр. 

Иран бидай импортына шектеуді 2016 жылы енгізген. Осыған дейін бұл елге Қазақстан мен Ресей астығын белсенді жеткізіп жүрген. Мәселен 2014-2015 жылғы маусымда еліміз бір миллионнан аса бидай экспорттаған болатын. Сол кезде Иран қуаңшылыққа ұшырап, көмек сұрауға мәжбүр еді. 

Мохаммад Ватанпур, экономист:

– Астанамен қазіргі келісіміміз бұрынғыдан кең болмақ. Біріншіден, бұл – сапалы бидайды Иранның ішкі нарығына жеткізу. Екіншіден, өзге елдерге транзит пен экспорт қарастырылған. Осындай ынтымақтастығымыз екі елге де пайдалы болады.

Сарапшылардың айтуынша, биыл Иран өзін бидаймен толық қамтамасыз еткен. Қазақстандық өнімнің түгелі өңдеуге жіберіледі. Алдағы бір жылда Иран бір миллион қазақстандық бидайды сатып алуға дайын. 

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша

Хабар 24 телеарнасы