378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШОБ субъектілері үшін 264 кеңес беру жобасы жүзеге асырылды

  • 190
  • UPD: 13:44, 13.02.2019

Өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 264 жергілікті және халықаралық кеңес беру жобалары жүзеге асырылды.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет жанындағы Үйлестіру кеңесінің 6-отырысында айтылды. Ұлттық банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі отандық іскер әйелдер үшін жергілікті валютамен қаржыландыру тетігі арқылы құны 64 млн 500 мың долларға тең 5 несие желісін құрды. Сондай-ақ былтыр консалтинг, бизнес-коучинг, тәлімгерлік пен нарықты дамыту сынды қаржылық емес шаралар шеңберінде 2 млн 700 мың долларға жуық қаржы игерілді. 2015 жылдан бері бағалаудан өткен 172 жобаның 85 проценті табысты деп танылып, жеке кәсіпкерлердің қаржы айналымы ұлғайған.

Қанабек Айдақов, жеке кәсіпкер:

- Мен өзім жеке кәсіпкер ретінде шетелдің экспертін жұмысқа шақыра алмаймын. Өйткені олардың ақысы 100 мың доллардан кем түспейді. Бұл жерде банк оның 10 пайызын ғана төлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, оның жалақысы 100 мың бола мен оның тек 10 мығын төлеймін, қалған 90 пайызын Еуропалық банк өзі төлейді. Ол да маған көп көмек.

Хабар 24 телеарнасы