387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізден Иранға бидай экспортқа шығарылады

  • 1016
  • UPD: 15:39, 13.02.2019

Қазақстандық бидай Иранға сатылатын болды. Келісімге екі елдің ауыл шаруашылық министрліктері қол қойды. Иран өз аумағы арқылы бидай транзитіне және астық импортына қолдау көрсетіп, қосымша кеден салықтарын салмайды.

Бидай осы ел аумағында өңделіп, көршілес Сирия, Ауғанстан мен Иракқа ұн түрінде сатылады. Айта кетері, бұл аймақ әлемдегі бидайдың 70 пайызын тұтынады. Жалпы Қазақстан Иранға бір миллион тоннаға дейін астық жетікзе алады. Былтыр еліміз 12 миллион тоннаға жуық бидай экспорттаған.

Гүлмира Исаева, Қазақстан ауыл шаруашылық вице-министрі:

- Өткен жыл Қазақстан үшін табысты болған. Біз 11 миллион 700 мың тонна астық экспорттадық.  Алдымызда әрі қарай нарықтарымызды кеңейту міндеті тұр. Сол себептен Иран нарығы бізді  қызықтырып тұр.

 Али Акбар Мехрфард, Иран ауыл шаруашылық жиһады министрінің орынбасары:

- Бұл келісім Иран, Қазақстан мен Ресейге де пайда әкеледі. Иранның заманауи ұн тарту кәсіпорындары бар, қуаты да зор, бірақ жартысын ғана қолданып жүр. Иран арқылы көршілес елдерге логистика мен транзит саласындағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз.

Хабар 24 телеарнасы