378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысына Хорезмнен апта сайын 20 тонна көкөніс жеткізілмек

  • 234
  • UPD: 13:18, 14.02.2019
Маңғыстау облысына Хорезмнен апта сайын 20 тонна көкөніс жеткізілмек

Келесі айдан бастап Маңғыстау облысының тұрғындары Өзбекстанның қияры мен қызанағы, қауыны мен қарбызын күнделікті тұтынатын болады.

Ақтауда өткен бизнес форум аясында қос елдің кәсіпкерлері 2 миллион доллардың келісімшартын жасасты. Енді Хорезмнен апта сайын 20 тонна көкөніс жеткізілмек. Ал өзбек кәсіпкерлері Маңғыстау бекіресіне қызығушылық танытып отыр. Олар бекіре өсіретін фермамен ынтымақтастық орнатты. Яғни алдағы уақытта қазақ бекіресі Өзбекстанға экспортталады.

Толғанай Сапарбаева, кәсіпкер:

– Бүгін 2 млн долларға келісімшарт жасадық. Бұдан былай Маңғыстауға аптасына бір рет көкөністің түр-түрін әкеліп тұрамын. Мен үшін үлкен олжа. Әзірше 1 жыл жұмыс жасауға келістік. Алдағы уақытта ісіміз алға басса, байланысты нығайтып, бірнеше жылға келісімшарт жасаймыз деген ойдамын.

Нұрбек Қарасаев, «Атамекен» ҰКП Маңғыстау филиалының директоры:

– Ақтауда сауда үйін құруды жоспарлап отыр. Олар осы кездесуден кейін өздерінің өкілін Ақтауға жібереді. «Атамекен» кәсіпкерер палатасының ғимаратынан арнайы орын бөліп, сауда жағынан байланыс орнатамыз. Өнімдерін қоятын қойма да алып береміз. Өнімдері жақсы өтсе, болашақта өзбекстандық сауда үйі де құрылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы