378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция тұрмыстық қалдықты өңдеу бойынша Қазақстанды тәжірибе алмасуға шақырды

  • 248
  • UPD: 14:21, 14.02.2019
Франция тұрмыстық қалдықты өңдеу бойынша Қазақстанды тәжірибе алмасуға шақырды

Францияда өңделетін тұрмыстық қалдықтардың 65% қайталама шикізат ретінде қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы салада ең үздік көрсеткішті Флер Конде аймағы көрсетіп жүр. Мұнда қалдықтардың 20 шақты түрін сұрыптайтын қоқыс қабылдайтын орын салынған. Бірқатар коммуналда қоқыс шығару үшін төлемнің орнына салық енгізілген. Ол үйдің ауданы мен тұрғындарының санына қарай есептеледі. Есік алдында қоқыстың сұрыпталу сапасы тексеріледі. Пластик пен шыныны органикалық қалдықтармен араластыратындарға жоғары тариф төлеу міндеттеледі.

Тьерри Обен, Флер Конде аймағы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кәсіпорынының президенті:

– Өз тәжірибемізбен бөлісіп, сіздерден жаңа нәрсе үйрене аламыз деп ойлаймын. Әр жердің өз ерекшеліктері мен тәжірибесі бар. Осы істі реттей алдық, тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз, бірақ сіздерден де үйренеріміз көп деп санаймын.

Натали Гуле, Франция сенатының депутаты:

– Қалдықтар – бүкіл елдерге ортақ мәселе. Қазақстаннан мэрлер делегациясын қабылдау өте қызық болуы мүмкін. Кәдімгі сұрыптау кешендеріне ұқсамайтын кәсіпорында 50 коммуналдың жұмысы қалай ұйымдастырылғанын көре алады.

Хабар 24 телеарнасы