389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына»: жергілікті қамту үлесі 1,5 есеге өсті

  • 772
  • UPD: 15:13, 14.02.2019

Соңғы 8 жылда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» тобының сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 1,5 есе өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, отандық тауар өндірушілердің ұзақмерзімді тапсырыстар көлемі 2010 жылы 69 млрд теңге болса, өткен жылы 3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Сондай-ақ былтыр қор жаңа өндіріс орындарын қолдаудың жаңа тетігі саналатын «оффтэйк» шарттарын енгізіп, жалпы құны 4 млрд теңгеге тең келісімге қол қойды. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Айта кетейік, «оффтэйк» тетігі әзірге шыға қоймаған бірақ шығару жоспары дайын өнімге кепілдендірілген әрі ұзақмерзімді тапсырысты алдын ала алуға мүмкіндік береді.

Мәди Ысқақов, «Самұрық-Қазына контракт» ЖШС санаттық сатып алулар департаментінің менеджері:

– Қазіргі таңда 2016-жылғы трансформация бағдарламасы негізінде санаттық сатып алулар стратегияларының қор деңгейінде енгізу басталған. Әр портфельдік компанияларда өз деңгейінде санаттық сатып алу стратегиялары әзірленген. Қор деңгейінде олардың арқасында 11 млрд пайда табылған.

Хабар 24 телеарнасы