378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізден Ресейге кемемен жүк тасуға рұқсат алу мерзімі 10 күнге қысқарады

  • 256
  • UPD: 21:26, 14.02.2019

Ресейге кемемен жүк тасуға рұқсат алу уақыты 10 күнге дейін қысқарады. Ол үшін қазір тасымалдауды жүзеге асыратын отандық компаниялардың тізімі түзіліп жатыр.

Бұл жұмыс 1 сәуірге дейін жалғасады. Кейін көрші мемлекетке жолданады. «Кеме қатынасы туралы  үкіметаралық келісім» осындай мүмкіндік беріп отыр.  Құжатқа биыл 1-ші ақпанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қол қойған болатын. 

Еліміз бұрын Ресей арқылы кемемен жүк тасымалдау үшін арнайы рұқсат алатын. Тиісті рәсім жарты жылға дейін созылады. Енді көп уақыт жоғалтпаймыз.Тек көрші мемлекетті алдын-ала хабарландырып, ары кетсе 10 күн күтсек болғаны. Келісімнің күшіне енуіне аз ғана уақыт қалды. Ол үшін тасымалмен айналысатын отандық компаниялардың тізімін Ресейге жолдау керек. Бұл жұмыспен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айналысып жатыр.

Жасұлан Керімбаев, ҚР ИИДМ Көлік комитетінің бас сарапшысы:

- Сонымен қатар шекараны кесіп өтуде кеме экипажының жеке басын тану бойынша куәландыратын құжаттарды осы тану бойынша осы арқылы келісімге қол жеткізілді. Кеме экипажының квалификациялық құжаттарын таниды. 06,53 Қазақстанның көздеп отырған мақсаты ашық теңіздерге РФ арқылы ашық теңіздерге шығуды көздеп отыр.

Еліміз қазір де Ресей арқылы Қара және Жерорта теңіздеріне шығып жатыр. Ендігі мақсат тасымал көлемін арттыру. Мәселен былтыр осы теңіздер арқылы 55 мың тонна жүк жеткізілді. Енді кеме қатынастары туралы келісім тасымал көлемін 350 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал Ертіс өзенінің бойындағы жүк айналымы 2018 жылы шамамен 262 мың тоннаны құрады. 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 млн тоннаға дейін жетуі тиіс. Бұл тасымалмен айналысатын отандық компанияларға да тиімді.

Алтынай Уәлиева, Ұлттық компанияның даму жөніндегі бас директорының орынбасары:

- Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі жеңілдіктерді осы одаққа мүше мемлекеттерге де қолжетімді етті. Нақтырақ айтқанда техникалық және порт қызметтері бойынша жеңілдіктер жасалған. Мәселен, Ресей аумағына жүк жеткізетін отандық тасымалдаушылар, ондағы компаниялар секілді бірдей порт алымдарын төлейді. Бұрын мұндай болған емес. Айта кетейік, бүгінде елімізде кеме қатынасын дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жасалды. Заңдық тұрғыда осындай маңызды келісім орнады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт пен Каспий теңізі туралы конвенция түзілді.

Бастысы қолға алынған шаралар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің барлығына бірдей қолайлы. Әсіресе, теңізге шығатын тікелей жолы жоқ Қазақстан үшін тиімділігі зор. Нәтижесінде жүк тасымалы артады. Сәйкесінше еліміздің экспорттық әлеуеті дами түседі. Қосымша жұмыс орындары ашылады. Айтпақшы осы салада еңбек ететін отандық мамандардың үлесі бұрын небәрі 30 процент ғана болатын. Қалғаны Ресей азаматтары еді. Қазір қызметкерлердің тең жартысын жергілікті кадрлар құрайды. 

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы