389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО жұмысшылары ерекше мәртебеге ие болуы мүмкін

  • 457
  • UPD: 15:21, 15.02.2019

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ұзақ мерзімді еңбек шартына сәйкес қызмет ететіндер мен олардың отбасыларына тұрғын үй берілуі қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясы осындай ұсыныс тастады. Комиссияның келтіруінше, одаққа мүше бес елдің біріне еңбек етуге көшіп баратындар бірқатар қиындықтарға тап болады. Мәселен, жұмыс беруші елге кірген кезде олар барған жерінде тіркелуі тиіс. Бұл ережені орындамаған жағдайда, шетелдік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе ел аумағынан шығарылып, тіпті қайта кіріуіне тыйым салынуы мүмкін. Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының уақытша тұрғын үймен қамту ұсынысы қабылданса, онда жұмысшылар мен олардың отбасылары ерекше мәртебеге ие болады. 

Шыңғыс Сарыбаев, ЕЭК бөлімінің жетекшісі:

- Бұл тіркелу үдерісін жеңілдетіп, көлеңкелі жұмыспен қамтудың алдын алады. Сондай-ақ статистикалық есеп жүргізуге әрі табыс салығы мен әлеуметтік төлемақыларын көтеруге мүмкіндік береді. Бастама жан-жақты талқыланып, сарапшылар мен бизнес қауымдастығының қолдауына ие болды. Қазіргі таңда одаққа мүше елдердің тиісті органдары аталған жобаны зерттеу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы