378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан 37 елге дәнді-дақыл өнімдерін экспорттаған

  • 292
  • UPD: 15:30, 18.02.2019
Қазақстан 37 елге дәнді-дақыл өнімдерін экспорттаған

Қазақстан өткен жылы әлемнің 37 мемлекетіне жалпы көлемі 8 мың 357 тоннаға тең дәнді-дақыл өнімдерін экспорттаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 3 мың тоннаға көп. Мәселен, көш басына Өзбекстан елі жайғасты. Ала шапан ағайынға 2 жыл бұрын 1755 тонна астық экспортталса, былтырғы көрсеткіш 2,5 мың тоннаға жуықтайды. Артынша Иран Ислам Республикасы мен Тәжікстан тұр. Аталған мемлекеттерге экспортталған астық көлемі 2 жыл ішінде мың тоннадан асты. Ал Қытайға жеткізілген дәнді-дақыл мөлшері өткен жылы 550 тоннаны құрапты. Түркия мен Ауғанстанға 400-ден астам тонна болса, Италияға 350, Ресейге 277 тонна өнім жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы