378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Жеңіс» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды

  • 259
  • UPD: 11:55, 19.02.2019

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және «Лукойл» компаниялары арасында үш жақты кездесу өтті. Нәтижесінде «Жеңіс» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды.

Кездесуде Каспийдің қазақстандық секторындағы бөлігінде көмірсутектерді барлау және өндіру, жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша келіссөздер хаттамасы жасалды. Келісім бойынша еліміздің пайдасына қол қою бонусын төлеу және кен өндіруші компанияда қазақстандық кадрларға басымдық беру мәселелері талқыланды. Жоба аясында басшылар 50 пайыз, құрылымдық бөлімше басшылары  80 пайыз, ал мамандардың 90 пайызын жергілікті өңірден қамту келісілді.

Хабар 24 телеарнасы