378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

  • 315
Қазақстан Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнімнің алғашқы партиясын жеткізу үшін қос ел келісімшартқа қол қойды. Уағдаластыққа сәйкес алдымен 500 тонна сиыр еті жөнелтіледі. Ол үшін ет комбинатында 120 бас ірі қара сойылады. Жалпы өткен жылы 20 мың тоннаға жуық ет экспортталған. Көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артық. Ал биыл кемі 30 мың тонна етті шетелге жөнелту жоспарланып отыр. Әсіресе, Әзербайжан, Армения, Бахрейн, Вьетнам, Германия Кувейттен Қазақстан өніміне сұраныс артқан. Бүгінде Қытаймен балық және ет өнімдерінің экспортын 30 пайызға дейін арттыру мақсатында келісім жасалды.

Салтанат Әбілқасымова, ҚР АШМ – ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

– Иранға Кеден одағының мүшесі болғандықтан, біз тиісті ветеринарлық талаптарды ұстануымыз керек. Ол дегеніміз, Иран мен Қазақстан Республикасының арасында ветеринариялық талаптарға сәйкестендірілген. Сертификаттарға қол қойылған.

Хабар 24 телеарнасы