378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Былтыр елімізден Украинаға газдың рекордтық көлемі тасымалданды

  • 262
  • UPD: 22:42, 20.02.2019

Қазақстаннан Украинаға тасымалданатын сұйытылған газдың көлемі 2018 жылы рекордық көрсеткішті жаңартты. Өткен жылы тікелей келісім арқылы тасымал көлемі 260 мың тоннаны құраған. Осылайша қазақстандық өнім Украинадағы авто-газ дағдарысын еңсеріп, баға саясатын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беріп тұр.

Қазақ автогазының сапасы еуропалық талаптарға сай сондықтан тұтынушының жоғары сұранысына ие дейді Украина мұнай өнімдері нарығының сарапшысы Иван Кудинов. Бүгінгі күні, Украинаға 9 қазақстандық компания пропан-бутан жөнелтеді. 2019 жылдың қаңтар айында тағы да қазақстандық екі компания осы елге мотор отынын тасымалдайтын болып келіскен. Украинада сұйытылған газға сұраныс жыл сайын артып келеді, сондықтан екі ел арасындағы газ сауда айналымының көлемі осы жылы да көбейе түспек, - деп болжайды мамандар.

Иван Кудинов, Украина мұнай өнімдері нарығының сарапшысы:

- Жалпы алғанда Украинаға Қазақстаннан тасымалданған газ сауда айналымының жиынтық есебі 130 млн долларды құрады. Осы жылы да Қазақстаннан келетін сұйытылған газ көлемі арта түспек, өйткені Украинада қазақстандық өнім автогаз ретінде тұтынылады. Сондықтан трейдерлер мен авто жүргізушілердің қазақстандық отынға сұранысы өте жоғары.

Хабар 24 телеарнасы