378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркиядағы отандастарымыз қазақстандық туризмді дамытпақ

  • 229
  • UPD: 14:54, 21.02.2019

Түрік елінде жеке кәсібін ашқан тағы бір қазақ қызы Қазақстан туризмін дамытуды көздейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаннера Хайыржанқызы  туристік компаниясы арқылы тек қана түрік халқын емес, түбі бір түркі жұртының туристерін елімізге баулып келеді. Арманы – Қазақстанды түркітілдес мемлекеттердің туризм орталығына айналдыру. Осы бағытта Түркияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында білімін жетілдіріп, белгілі туризм орталықтарында тәжірибе жинаған. Енді ол президенттің жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламасына арнайы жоба ұсынғалы жүр.

Жаннера Хайыржанқызы, кәсіпкер:

- Жастар жылы шетелде өмір сүретін біз үшін де өте маңызды. Жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама армандарымыздың орындалуына түрткі болмақ. Бірнеше жылдың ішінде Қазақстанға Түркиядан мыңға жуық туристі тарттық. Олар Алматыдан бастап Түркістанға дейінгі тарихи жерлерді аралады. Бұл көрсеткішті одан әрі көтеруді қалаймыз. Осыған байланысты арнайы жоба дайындадық. Жобада көшпелі мәдениетімізді паш ететін арнайы «Түркиядан – Түркістанға керуен» атты саяхат жобамызды санаулы күндерде ұсынатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы