377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 7 жаңа индустриалды аймақтың құрылысы басталды

  • 272
  • UPD: 19:56, 21.02.2019
Қазақстанда 7 жаңа индустриалды аймақтың құрылысы басталды

Елімізде 7 жаңа индустриалды аймақтың құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Түркістан облыстарында салынып жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда 22 индустриалды аймақ бар. Олардың дені Түркістан облысында орналасқан. Одан кейін, Қызылорда, Алматы, және Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланыпты. Аталған аймақтарда құны 121 млрд теңгеден асатын 111 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Тағы 134 жобаны іске қосу көзделген екен. Бір ғана Алматының өзінде биыл 9 жобаны қолға алу жоспарланыпты. Олар көлік құрастыру, құрылыс және фармацевтика салаларын дамытуға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы