378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да қалайы өндірісі қайта жанданады

  • 244
СҚО-да қалайы өндірісі қайта жанданады

Солтүстік Қазақстан облысында қалайы өндірісі қайта жанданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыртау ауданында әлемдегі ірі «Сырымбет» тау-кен байыту кешені іске қосылады. Инвестиция құны – 100 млрд теңге. Енді жоба индустрияландыру картасына енгізіледі. Бұл туралы ел алдында есеп берген облыс әкімінің міндетін атқарушы Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Өңір басшысы баяндамасында тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне де көңіл бөлді. Атап айтсақ, көпбалалы аналарға берілетін бір реттік жәрдемақы екі есеге өсетін болды. Осылайша «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Аналық даңқ» және «Батыр ана» орден иелері 25 мың теңгеден алатын болады.

Марина Маркова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

– Солтүстік Қазақстан облысында 6 мың 700 көпбалалы ана тұрады. Биыл бірінші рет 4 немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерге бір реттік жәрдемақы берілетін болады. Бұл мақсатқа 140 млн теңгедей қаржы бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы