389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының шаруалары өнімін БАӘ-ге экспорттайды

  • 569
  • UPD: 07:45, 22.02.2019
Ақмола облысының шаруалары өнімін БАӘ-ге экспорттайды

Ақмола облысының шаруалары енді өз өнімдерін Біріккен Араб Әмірліктеріне сата алады. Себебі осы елдің Рас-әл-Хайма әмірлігі мен аймақ әкімдігі өзара сауда-саттық байланыс жөнінде меморандумға қол қойды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, арабтарды қазақстандық ұн, бидай, ет және сүт секілді ауыл шаруашылығы өнімдері қызықтырады екен. Ол жақта әсіресе органикалық әдіспен өсірілген азық-түліктерге деген сұраныс өте жоғары дейді мамандар. Ал бұл тұста аймақтың берері көп. Бірақ, арада іскерлік байланыс болмаған соң қазір облыс кәсіпкерлері өз өнімдерін тек Еуропа мен Азия елдеріне ғана саудалап отыр. Ал Араб әмірліктеріне тек ұн ғана экспортталып келеді. Енді бұл елде Ақмола облысының сауда өкілдігі ашылып, сауда-саттық қатынасы жүйеленбек.

Тимур Нахыпбеков, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Басқа да өнім шығаратын потенциал өте үлкен. Мәселен, тауық жұмыртқасының өзін біз 250-300 млн дана жұмыртқаға дейін экспортқа шығара аламыз. Өйткені, облыс өзін 250 пайызға жуық осы тауарлық позициямен жауып отыр. Және де олардың қызығушылық білдіріп жатқаны, бұл, қойдың еті. Бұл қой еті бойынша біз қазір кәсіпкерлермен кездесулер жүргізіп жатырмыз. Кімнің дайындығы бар екен. Өйткені, бізде ондай көлемде қой өсірілмейді. Біра  сол пайда болып отырған сұраныс, осы қой өсіруді дамытуға үлкен серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы