378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фитосанитарлық бақылауды күшейту: Қырғызстан қандай шаралар қолдануда?

  • 362
  • UPD: 09:09, 23.02.2019

Қырғызстаннан жеміс пен көкөністің кейбір түрін Қазақстанға жеткізуге уақытша тыйым салынғаннан кейін, бұл елдің ауыл шаруашылық министрлігі қатаң сынға ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға фермерлердің мүддесін қорғап алуға қауһарсыз деген мін тағылды. Әсіресе былтырғы күзден бері картобын өткізе алмай жүрген шаруалар наразы.

Қырғызстан үкіметі ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына қазақстандық тарап қойған талаптарын бұрыннан білетін. Кейде жергілікті өнім көрші елге фитосанитарлық құжатсыз жеткізіліп жүргені былтырдан бері белгілі болған. Жуырда Қырғызстан парламентінде өткен мәжілісте экономика министрі Олег Панкратов соңғы бір айда екі елдің мамандары бұл мәселенің шешу жолдарын талқылап жүргенін мәлімдеді.

Олег Панкратов, Қырғызстанның экономика министрі:

– 24 қаңтарда Қазақстанның фитосанитарлық қызметі біздің фитосанитарлық қызмет өкілдерін Астанаға шақырып, заң бұзушылық болып жатқанын жеткізді. Осыған байланысты хаттамаға қол қойылып, бір айдың ішінде фитосанитарлық бақылауды күшейту жөнінде ведомствоаралық жоспар жасалуы тиіс болған.

Қазақстанға алма, құрма мен картопты жеткізуге уақытша тыйым салынған. Қысқы маусымда қырғыз импортындағы жемістердің үлесі аз болған. Ал картоп бұл тізімде бірінші орында тұр. Былтырғы жылдың аяғында қазақстандық тарап фитосанитарлық бақылауды күшейтуді сұрағаннан кейін, Қырғызстан премьер-министрі ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын мұқият бақылауды тапсырған болатын. Уақытша шара ретінде Қазақстанмен шекарада қосымша фитосанитарлық бекеттер орнату ұсынылды. Айта кету керек, жекеменшік кәсіпкерлер осыны тыйым салынудан әлдеқайда бұрын сұраған еді.

Талант Сатыбаев, азық-түлік өнімдерін жеткізушілер қауымдастығының вице-президенті:

– Өз аумағымызда орналасқан фитосанитарлық зертханаларды пайдалануды бәріне ұсынып отырмыз. Бірақ болашақта «бір терезе» қағидасын қолданған дұрыс болар еді. Яғни Қазақстан мен өзге елдерге экспорттау үшін бүкіл рұқсат қағаздарды бір жерден алу.

Әзірше бұл тек жоспар ғана. Ал қазір Қырғызстанның фитосанитарлық қызметінде небәрі 101 адам жұмыс істейді. Ауыл шаруашылыққа маманданған ел үшін бұл өте аз. Сонымен қатар фермерлердің біразы сапа мен қауіпсіздігі жөнінде сертификаты болмаса, өнімін шекарада жібермейтітін біле бермейді. Тыйым алып тасталыну үшін енді Қырғызстан үкіметі қазақстандық тараптың талаптарын орындауға тиіс.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы