389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде еліміздің Бельгиямен ынтымақтастығы талқыланды

  • 695
  • UPD: 17:54, 23.02.2019

Брюссельде Қазақстан мен Бельгия арасындағы екі жақты инвестициялық ынтымақтастық талқыланды. Қазір біздің елде Бельгия каптиталының қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Дені көлік-логистика, құрылыс материалдары және медициналық құрал-жабдықтар салаларында.  Соңғы 10 жылда Бельгияның Қазақстанға инвестициясы 7 миллиард доллардан асқан.

Ал екі мемлекет арасындағы тауар айналымы арғы жылмен салыстырғанда 41 процентке өсіп, 374 миллион долларға жетті. Қазақстаннан экспорт 2 есеге ұлғайған. Осы елдегі Қазақстан елшісі Айгүл Құспан басқосуда еліміздің экономикалық жетістіктері мен инвестииялық мүмкіндіктері туралы баяндады. Сондай-ақ бельгиялық кәспкерлерді бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Кездесу соңында бір топ бельгиялық бизнесмен биыл маусым айында Қазақстанға келіп қайтатындықтарын жеткізді.

Айнұр Тумышева, «Казах инвест» компаниясының Еуропамен ынтымақтастық жөніндегі менеджері:

- Қазір біз Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі туралы жан-жақты ақпарат таратуға ден қойып отырмыз.  Алдымен еліміздің заңнамасы, жеңілдіктер және нақты жобалар туралы баяндаймыз. Ал еліміздің Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек Қазақстан мен Бельгия арасындағы сауда мен инвестиция жыл сайын 20 пайызға артып келеді.

Шанталь Де Блё, AWEX Бас директоры:

- Қазақстанмен ынтымақтастық күшейіп, бельгиялық компаниялардың қызығушылығы артуда. Қазір біз жаңа технологиялар, медицина және қоршаған ортаны қорғау саласында екіжақты байланысқа мүмкіндік мол екенін көріп отырмыз. Біздің компаниялар өз тауарларын экспорттап қана қоймай жергілікті мамандарды оқытып, дайындағуа әзір.

Хабар 24 телеарнасы