375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық кәсіпкер Қазақстан жетістіктерін мақтан тұтады

  • 237
  • UPD: 15:08, 24.02.2019

Америкалық бизнесмен Дэвид Валера өзгелерге Қазақстанды танып-білуге кеңес беріп, қазақ еліне сапар шегуге шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы кәсіпкер Қазақстанның ауыл-аймағын аралап, ағылшын тілін үйрететін бір топ еріктілерді ертіп келгені белгілі. Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан өңірлерінде болған Дэвид қазақ елінің жетістіктеріне тәнті.

Дэвид Валера, америкалық кәсіпкер:

- Қазақстанның бірінші жетістігі – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы. Мен осы күнді Вашингтонда атап өту шарасына қатысып, америкалықтардың қолдағанын көрдім. Бұдан бөлек Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жұмыс істеді. Сіздің елдің осы миссияға қатысты дауыс беру кезінде Таиландты қалай жеңгені әлі есімде. Қазір Қазақстанға саяхатшылар саны артып келеді. Еліңізде «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды. Жаңа реформалар жүзеге асырылуда. Осындай ауқымды өзгерістерге қарамастан Қазақстан мәдени мұрасын сақтап, ұлттық рухты жаңғыртуға күш салуда. Осы ретте барлығына Қазақстанды жақын біліп-тануға кеңес беремін.

Хабар 24 телеарнасы