389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Ұлттық банк төрағасы: Сенат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады

  • 689
  • UPD: 17:25, 25.02.2019
<span class=favorites>Жаңа Ұлттық банк төрағасы: Сенат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады</span> tengrinews.kz

Парламент Сенатының депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Атап өтейік, 48 жастағы Ерболат Досаев бұған дейін түрлі лауазымдарда болды. «Қазинвестбанк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі қызметтерін атқарды. 2016 жылдың мамырынан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы, 2017 жылдың тамыз айынан бастап Премьер-министрдің орынбасары болды. Жоғары палатаның төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, «Конституциялық нормаларға сәйкес Президент ұсынған Ұлттық банк басшысын тағайындауға келісім беру - Сенаттың ерекше қарауына жатады». Парламент Сенатының регламентіне сәйкес ұсынылған кандидатура комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланды. Сенат депутаттары Ерболат Досаевты лауазымға тағайындауға бірауыздан келісті.

Хабар 24 телеарнасы