378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгиялық кәсіпкер: Қазақстанның инвестиция саласы стандарттарға сай келеді

  • 189
  • UPD: 09:31, 28.02.2019

Қазақстанда жаңа инновациялық технологияларды дамыту мен инвестиция салуға барынша жағдай жасалған. Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу рейтингісі бойынша еліміз отыз озық елдердің қатарына кірген.

Шетелдік кәсіпкерлердің айтуынша, еліміздің инвестициялық ахуалы халықаралық стандартарға сәйкес. Бұл туралы Қазақстанға қаржы құйған бельгиялық ірі медициналық кластерлердің өкілдері мәлімдеген.  

Йохан Фоке,  медициналық компания менеджері:

- Біз инновациялар мен жаңа технологияларды дамыту бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей мен Өскемендегі алты онкологиялық орталықта жергілікті компаниялармен бірлесіп жұмыс істеп жүрміз. Осы тізімге Павлодарды да қосу жоспарымызда бар. Аталмыш орталықтардың қызметкерлерін оқытамыз. Мұны Президент Назарбаев ұсынған «Саncer-care» мемлекеттік онкологиялық бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде қарастырып, оны жүзеге асыруда өз үлесімізді қосып жүрміз.  

Оливье Дюфрасн, медициналық қалдықтарды жою компаниясының директоры:

- Біз медициналық қалдықтарды жоюда маманданған компаниямыз. Бұл әлемдегі бүкіл елдерге ортақ мәселе. Қазақстанда өз технологияларымызды ендіру жөнінде дұрыс шешім қабылдадық деп санаймын. Өйткені елдеріңіздегі бизнес климат компаниямыз үшін қолайлы. Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды серіктесіміз.

Хабар 24 телеарнасы