375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парижде бизнесмендерді Қазақстанмен таныстыру кеші өтті

  • 175
Парижде бизнесмендерді Қазақстанмен таныстыру кеші өтті

Франция саясаткерлері бизнесмендер үшін Қазақстанмен танысу жиынын ұйымдастырды. Париждегі қонақ үйлердің бірінде өткен шараға ірі компаниялардың басшылары мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Елші Жан Ғалиев Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экономиканың негізгі көрсеткіштері туралы баяндап берді. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасына қаржы құюдың басты 10 себебін атады. Оның ішінде инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдай, француз компанияларының еліміздегі табысты еңбектерінің үлгілері және мемлекет жағынан нвесторларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер бар. Сонымен қатар дипломат кәсіпкерлерді Қазақстанның даму стратегиясымен және бағдарламаларымен танысуға шақырды.

Элен Конвей-Муре, Франция Республикасының сенаторы:

- Франция мен Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнықты. Франсуа Миттеран мен Франсуа Олландтан басталған бұл үрдісті қазір президент Макрон да қолдап отыр. Бізге жиі кездесіп, бірлесе жұмыс істеп, әріптестігімізді нығайтуымыз керек. Франция кәсіпорындары Қазақстанда жақсы дамып келеді.  Бұл өз кезегінде технологиялармен бөлісіп, елдің экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Жан-Мари Камбасерес, ұлттық әлеуметтік-экономикалық кеңесінің секция президенті:

- Елдеріңізде жиі боламын. Қазақстан Президентінің әрбір кезеңдегі шешімдерінің арқасында елдің одан әрі дамып жатқанына куәмін. Елбасыларыңыздың соңғы шешімдерінің бірі  халықаралық қаржы орталығын құру болды. Ол кәсіпорын жетекшілерінен құралған топтың барлық мүшелеріне тиімді. Осылайша Қазақстанды жақсырақ тану мүмкіндігі туды.

Хабар 24 телеарнасы