375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінің Омбы облысымен сауда-экономикалық байланысы дамып келеді

  • 240
  • UPD: 21:50, 01.03.2019

Павлодар мен Омбы облысы арасында сауда-экономикалық байланыс қарқынды дамып келеді. Бұған қос тарапқа ортақ, бірлескен кәсіпорындардың көптеп құрылуы оң әсерін тигізді. Бұл жолы Омбы облысының губернаторы бастаған 50 адамнан тұратын делегация Павлодарға арнайы келді. Олар  соңғы жылдары іске қосылған инновациялық кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Омбылық әріптестерін Павлодардың іскер азаматтары кәсіпкерлер Палатасында қарсы алды. Өзара пікір алмасты, іскерлік кездесулер өткізді. Көрші елден келген 18 компания өкілдері Павлодардың 40 шақты кәсіпорнымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Олардың көпшілігі ауылшаруашылығы саласы мен шағын  және орта  бизнесті қамтиды.

Ольга Федулова, Омбы сауда-өндірістік палатасының президенті:

-Біз ауылшаруашылығы техникаларын өткізу жолдарын  дамытсақ дейміз. ­Өнім  өңдеу кәсіпорындарын құрып,  кейбір  азық-түлік түрлерімен алмасу жағын да ойластырамыз. Сонымен қатар  білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, ғылым бойынша әріптестік орнатуға қызығушылықпен келіп отырмыз.

кі елдің арасында машинақұрастыру, химия және агроөнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастық бұрыннан келе жатыр. Ресей тарапынан келешекте құрал жасау бойынша ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға  ұсыныс түсті. 

Анна Колоколова, Омбы облысы экспортты қолдау орталығы басшысының орынбасары:

- Бұл жерде бірлескен кәсіпорындар  турасында әңгіме қозғалып отыр. Мәселен құралдарды жинақтау өндірісін  Қазақстанда оның ішінде Павлодар аумағында құруға  мүмкіндік бар.

Омбы облысының сыртқы сауда айналымының 30 проценті Қазақстанға тәуелді. Ал,  Павлодар облысының кәсіпорындары  құны 1 миллиард доллардан асатын өнім түрлерін Ресейге экспорттаған. Қазіргі таңда экспорт көлемі 27 пайызға артыпты.

Нұрболат Сейітмағамбетов, облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Темір құбырлары негізі 37 пайызға өсті негізі. Былтырғы, 2017 жылдармен салыстырғанда. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Өйткені сапасы да, бағасы да тиімді болып тұр ғой,  жақсы болып тұр Павлодарда шығарылатын бұйымдарға.Үлкен потенциал Бозшакөлде мыс шығаратын,  сол жерден көріп отырмыз. Жалпы ол мекеме дайын Ресейге экспорттауға.

Павлодардың   полипропилен зауытының нарықта  өз орны бар.  Бәсекеге қабілетті өнімге алыс-жақын шетелден сұраныс жоғары. 

Олжас Ықыласов, полимерлі бұйымдар өндірісінің басшысы:

- Жалпы экологиялық сапа жағынан өте жоғары деңгейлі болғандықтан сол себептен 35 пайыздай ол Ресейге баратын қаптар. 15 пайыздай ол Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне барады. Сұраныс өте үлкен.

Жуырда жаңа технологиялық желі  іске қосылды. Соның нәтижесінде экспорттық әлеуеті жоғары өнім пайда болды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Бұл Павлодардың полимер бұйымдар өндірісі. Мұнда 500 келіден бастап сыйымдылығы 60 тонналық көлемдегі салмақты көтеретін жұмсақ контейнерлер шығарылады. Зауыт өніміне  Орталық Азия елдерімен қатар көрші Ресейден тапсырыс көптеп түседі.

Кәсіпорын келешекте өндіріс қуаттылығын арттыруды көздеп отыр. Түрлі өлшемдегі қаптардың қазір 1 миллион 200 данасы шығарылады. Келешекте 2 миллион данаға жеткізу межесі тұр.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы