378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусь қазақстандық жанармайға қызығушылық танытып отыр

  • 229
  • UPD: 09:35, 02.03.2019

Бұл Беларусьтің мұнай өңдеу зауыттарының жұмысын қайта жандандыруға көмектеседі.

Айта кетсек, Беларуське бензин жеткізу жөніндегі мәселе бұрын да талқыланған болатын. Өткен жылдың соңында Қазақстанның энергетика министрі республикадағы үш мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудан соң, жанармай экспортын бастауға ниетті екенін айтқан еді. Бұл жоспар сәтті жүзеге асқан жағдайда Беларусь зауыттары осы салада қазақстандық тараппен тығыз жұмыс істейді. Беларуське жеткізілген өнім сатылымға шығарылмайды, тек өндіріс орнында пайдаланылады.

Александр Ходыко, мұнай өңдеу кәсіпорнының жобаларды басқару инженері:

- Тәуелсіз сарапшылардың мәліметіне сәйкес, өткен жылы Беларусьтің мұнай өңдеу зауыттарында бензин өндіру түрлі есептер бойынша 3-тен 3,5 пайызға дейін қысқарған. Қазіргі таңда көрсеткіш 3 миллион тоннаға жетпейді. Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін. Негізгілері – Ресеймен арадағы мәселелер мен ішкі ахуал. Дей тұрғанмен Қазақстанның белорус мұнай өңдеу зауыттарын бензинмен қамтамасыз етуі елдегі кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға септігін тигізуі тиіс.

Дмитрий Ветров, қаржылық сарапшы:

- Екі ел басшыларының тауарайналымын 1 млрд доллардан асыру жөнінде тапсырма жүктегені бекер емес. Ол өткен жылы толықтай дерлік іске асырылды. Қазіргі таңда өзара тиімді әріптестік қатынас жалғасып жатыр. Бізге Қазақстаннан мақта, машина құрастыру өнімдері мен мұнай жеткізіледі. Мұның бәрі Беларуське қажет өнім.

Хабар 24 телеарнасы