378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркиялық кәсіпкерлер: Қазақстанға инвестиция салу қауіпсіз әрі қолайлы

  • 296
  • UPD: 23:54, 03.03.2019

Бұл – түрік кәсіпкерлерінің пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анадолы елінің бір топ қалталылары қазір елімізде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, көршілес мемлекеттерге экспорттауды көздеп отыр. Бұл таңдаулары бекер емес. Қазақстанның топырағы құнарлы. Басы артық тыңайтқыш қолданылмаған. Түрік инвесторлары «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Анкара өндіріс палатасы ұйымдастырған жиында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді. Шетелдік іскер топ өкілдеріне ұйымның қызметі жайлы ақпарат беріліп, ондағы жеңілдіктер аталды.

Жесурхан Таш кәсіпкер:

- Қазақстанды органикалық ауыл шаруашылығы өндірісін бастап, оны әлемдік брендке айналдыруды қалаймыз. Еліңізде жер жеткілікті. Топырақ құнарлы. Бұл да мол және сапалы өнімнің кепілі. Сондай-ақ мұнай-химия өнеркәсібіне де шоғырлануды жоспарлап отырмыз. Аталмыш екі сала бойынша Қазақстанда мүмкіндіктер мол. Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлардың құқығы барынша қорғалған. Бұл да шешім қабылдауымызға оңды әсер еткен факторлардың бірі.

Хабар 24 телеарнасы